08:29, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматыда 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық сусыз отыр - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық сусыз қалды.

ҚР ТЖМ таратқан хабарламаға сүйенсек, 30 қараша күні түскі сағат екіде, Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, оның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылды.
Төтенше жағдайды жоюмен қазір «Жылу» ЖШС-ның 20 адамы айналысуда және 3 техника жұмылдырылды..