Алматыда №4 аурухананың 1 бөлімі карантинге жабылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №4 аурухананың бір бөлімшесі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл ауруханада коронавирус жұқтырған пациент жатқан.
«Әйел адам 6 сәуірде анафилактикалық шокпен түскен. Одан шұғыл түрде коронавирустан тест алынды. Нәтижесінде ауру жұқтырғаны расталмаған болатын. Алайда қайталап тексергенде коронавирус бар екені анықталды. Осыған байланыста әйел Фтизиопульманология орталығының провизорлық орталығына жатқызылды», - деді баспасөз қызметінен.
Эпидемиологиялық көрсетілімге сәйкес қазір жұқтырған науқас жатқан терапия бөлімшесі барлық медициналық қызметкерлері мен мен пациенттерімен қоса карантинге жазылды.
«Барлығынан коронавирус талдауы алынды. Біраз анализ қорытындысы теріс болып шықса, қалғанының нәтижесі шыққан жоқ», - деді басқармадан.
Айта кету керек, қазір Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы тұтас карантинге жабылды.
Қазір қалада жоспарлы диспансерлік емдеу шектелді.