Алматыда №4 аурухананың бас дәрігері қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері мен тағы бір дәрігер қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда №4 аурухананың бас дәрігері қамалды

«2 қыркүйекте Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды. 22 қыркүйекте №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.