Алматыда 4 елдің құрамасы арасында өткен халықаралық турнир қазақстандық боксшылардың жеңісімен аяқталды

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 14-18 ақпан күндері бокстан халықаралық турнир өтті. Достық спорт кешенінде өткен бұл жарыс  Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Алматыда  4 елдің құрамасы арасында өткен халықаралық турнир қазақстандық боксшылардың жеңісімен аяқталды

Олар Франция мен Үндістан құрамасын 10:0 есебімен ұтып, Николай Хромов баптайтын ресейліктермен 5:5 есебімен тең түсті. Турнирде ел намысын Біржан Жақыпов, Қанат Әбутәліпов,  Ғани Жайлауов, Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев, Данабек Сужанов, Әділет Ниязымбетов, Алексей Севостьянов, Қамшыбек Қоңқабаев пен  Иван Дычко қорғаған болатын.

AIBA-ның халықаралық дәрежегі төрешісі  Нұрбек Батыров бастаған қазылар алқасының төрелігімен өткен бұл жарыста Ресей құрамасы  Үндістанды  10:0, ал Францияны  9:1 есебімен ұтқан болатын. Ал  Франция мен Үндістан боксшылары 5:5 есебімен тең түскен еді. Ресейліктермен болған матчта 1 жекпе-жекте басым түскендіктен француздар онда үшінші орын алды.