09:08, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Алматыда 4 қабатты үйде болған өрттен егде жастағы адамдар зардап шекті
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Түрксіб ауданында 10 қазан күні сағат 14:50-де 4 қабатты тұрғын үйде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өртпен күресуге Алматы қалалық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан иіс тиіп уланған 67 жастағы ер адам мен 82 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.