Алматыда 4 мыңға жуық оқушы білім алатын жаңа мектептер ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пайдалануға берілетін жаңа білім нысандарын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімі пайдалануға берілетін М.Әуезов ауданының «Мамыр» ықшамауданындағы 1 200 орынды және Түрксіб ауданында орналасқан «Нұршашқан» ықшамауданындағы 600 орындық мектепті аралап көрді.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев мектептер жанынан салынған Бостандық ауданындағы 300 орынды, Алатау ауданының «Қарасу» ықшамауданындағы 192 орынды, Медеу ауданының «Думан» ықшамауданындағы 850 орынды жаңа қосалқы нысандарды аралап шықты. Сонымен қатар, №5 музыка мектебінің 350 орынды жаңа ғимаратына және жақын күндері ашылған көпбейінді музыка орталығына барды.


Мектептерді аралап шыққан Б. Сағынтаев білім ошақтарының айналасын абаттандыруға, жасылдандыруға, кіреберіс жолдар мен тротуарларды салуға және жөндеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Айта кетерлігі, қала әкімі оқу орындары директорларының назарын кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық ережені қатаң сақтау қажеттігіне аударды.

«Жаңа орындар мектептерге жүктеме түсіретіні белгілі. Мысалы, бүгінгі күні «Думан» ықшамауданында оқушы орнының қажеттілігі толығымен шешілді. Ал, «Нұршашқанда» алғаш рет жаңа мектеп салынды, ол Түрксіб ауданындағы басқа мектептерге түсетін жүктемені азайтады», - деді Б. Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар