Алматыда 4 отбасының шаңырағы отқа оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4 отбасының шаңырағын өрт жалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 4 отбасының шаңырағы отқа оранды

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Төтенше жағдай Түрксіб ауданында болған.

«Заславский көшесі 2 «А» мекенжайындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 13:33-те түскен. Барак типтес үйдегі №1,2,3,4 пәтерлердің ортақ шатыры отқа оранған. Тілсіз жау жапсарлас үйлерді де шарпуы мүмкін болғандықтан, өрт сөндірушілер аса жоғары дайындықпен кірісті. Өрт 14:12-де сөндірілді», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Қызыл жалын 120 шаршы метрді шарпыған.

Төтенше жағдайдан жапа шеккендер жоқ.