Алматыда 40-қа жуық қарағай отырғызылды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы  «Ақсай-2» ықшам ауданында қалалық әкімдік, табиғат ресурстары басқармасы өкілдерінің, Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және аудан мектептерінің жас мұғалімдерінің қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өткізілді,

Алматыда 40-қа жуық қарағай  отырғызылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көшеттерді отырғызу жұмыстары Төле би - Марғұлан және  Момышұлы - Саин көшелерінің қиылысында жүргізілді. Аталған шараға 60-қа жуық адам қатысып, 40-қа жуық қарағай отырғызылды. Ағаш отырғызу рәсімнің негізгі мақсаты қаламыздың экологиясын жақсарту, көгалдандыру, сонымен қатар, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау.