Алматыда 40 көпқабатты үй жарықсыз қалды
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат – Кеше сағат 05.37-де Алматыдағы «Орбита» ықшамауданында, Науаи және Фрунзе көшелерінің қиылысында «Орбита» 133А қосалқы стансасының жоғары кернеулі екі желісі зақымданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Апаттың салдарынан Сүлейменов, Щепкин, Мұсабаев, Пятницкий, әл-Фараби, Ақсақов көшелерінің орамы мен Рахат кентінде орналасқан көпқабатты 40 үйдің тұрғындары жарықсыз қалды. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға «Алматы Пауэр Консолидейтэд» компаниясының арнайы бригадасы ? 30 адам мен 5 техника жұмылдырылды.