Алматыда 40 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28 ақпандағы жағдай бойынша Алматыда бір тәулікте 867 адам вакциналанды. Оның ішінде 1-ші компонентпен 374 адам, 2-ші компонетпен 493 адам КВИ-ға қарсы егілді. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылдың ақпан айы мен биылғы 27 ақпан аралығында қала бойынша 1 142 188 адам 1-компонентпен, 1 096 444 адам 2-компонентпен егілді.
Оның ішінде жасы 60-тан асқан жандардың саны 124 974 адамды құрайды.
Қазіргі таңда Pfizer вакцинасымен 55 103 адам, оның ішінде 3 063 жүкті әйел, 12 124 бала емізетін аналар және 39 884 жасөспірім егілді.
248 177 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды» - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасында.