Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірген күдіктінің кім екені анықталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында жасалған.

1980 жылы туған А. есімді әйел көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Алайда ол 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Соңғы жаңалықтар