Алматыда 44 көпбалалы отбасы тұрғын үй сертификатын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі 44 көпбалалы отбасыға жеңілдікпен тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін 1 млн теңгелік сертификат табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 44 көпбалалы отбасы тұрғын үй сертификатын алды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес, бұл қаражат алғашқы салымды төлеуге бағытталады.

Аталған отбасылардың көпшілігі «Үш сұңқар», «Атлас», «Меркур-град», «Радужный берег», «Адиет» ТК таңдады. Баспана туралы келісімшарт жасалған соң бұл отбасылар жаңа үйлеріне көшетін болады.

Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының хабарлауынша, қаржы салымшылардың банктегі шоттарына аударылды.

Айта кетсек, baqytty-otbasy.kz порталында 1,5 мың өтінім түскен. Олардың 345-і банкке құжат тапсырып, 301 өтінім мақұлданды. «Бакытты отбасы» аясында отбасыларға жылына 2% мөлшермен пәтер беріледі.