Алматыда 45 503 адам ревакцинацияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның 585 700 дозасы бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде Алматыда 585 700 доза вакцина бар, оның ішінде «Спутник-V» – 33 756, «QazVac» – 50 009, «Vero Cell» – 223 755 және «Pfizer» - 277 987 вакциналары»,- деді ол.
Нариман Табынбаев ревакцинацияны 45 503 алматылық алғанын айтты.
«Вакциналану өзінің тиімділігін көрсетті. Ревакцинация жөніндегі науқанды жалғастыру қажет. Бүгінде ақылы вакцинацияға арналған «Pfizer» препараты жоқ, мен тұрғындарды қолда бар «QazVac» және «Vero Cell» вакциналарымен қайта вакциналануға шақырамын, олар тиімділіктен еш кем түспейді», – деп атап өтті басқарма басшысы Нариман Табынбаев