Алматыда 46 кафе-бар карантинге қарамастан түн жарымында жұмыс істеген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен санитарлық-эпидемиялық шараларды күшейту аясында қарашаның 6-cынан 7-cіне қараған түні қалалық полиция департаментінің 7 тобы бірлесіп, 32 мобильді топ қызмет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басты мақсат - карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясына ПТР нәтижесі оң шыққан 613 науқас анықталды, оның ішінде 32 адам - Алматы қаласының тұрғындары.
Алматыда 6 қараша түнде санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуына 52 нысан тексерілді.
Нәтижесінде 46 нысанның жұмысы тоқтатылып, 16 мекемеден қонақтар шығарылды.
Медеу ауданы:
1. «Небо» ресто-бары (Достық даңғылы, 192/2);
2. «ЧайLa kitchen» мейрамханасы (Абай даңғылы, 17);
3. «О2» клуб-бары (Қажымұқан көшесі,43);
4. «Late night show» бары (Назарбаев даңғылы, 124);
5. «Шишка Edition» бары (Қажымұқан көшесі, 49);
6. Боди массаж салоны (Оспанов көшесі, 54).
Алмалы ауданы:
1. Red Dragon дәмханасы (Гоголь көшесі, №87 үй);
2. «Арена» компьютер клубы (Гоголь көшесі, №58 үй);
3. «Арагоста» дәмханасы (Жамбыл көшесі, №129 үй);
4. «Бинго» лото клубы (Масаншы көшесі, №61 үй);
5. «Аура» компьютер клубы (Қашқар көшесі, №69 үй);
6. «Блэк» кафе-бары (Назарбаев даңғылы, №57 үй);.
7. «Бинго» лото клубы (Сейфуллин даңғылы, №519 үй.);
8. Лото клуб (Абай даңғылы, №143 үй);
9. «Пират» дәмханасы(Толе би көшесі, №207а үй);
10. «Гранд-Опера» қонақ үйі (лобби бар қызмет еткен) (Қабанбай батыр көшесі, №136/1 үй).
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шараларды қабылдау үшін берілді. Сонымен бірге карантин шараларын қатаң ұстану және тәртіп бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы түсіндіру жүргізілді.
Одан бөлек, тексеру шаралары барысында түнгі топтар ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша маска режимін бұзған 20 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Алматы әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерінен меншік нысанына қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды сұрайды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе 65 жастан асқан кісілерге адамдар көп жиналатын орындарға бармау ұсынылады.
Бизнес нысандары белгіленген жұмыс режимін сақтауы және қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет: персонал мен келушілерді термометриялауды жүргізу, персоналды медициналық маскалар мен қолғаптармен қамтамасыз ету; қолды дезинфекциялау үшін санитайзерлер орнату; 4 шаршы метрге 1 адам есебінен келушілер санын шектеуді қамтамасыз ету; әлеуметтік белгілер болған кезде сауда залдарына кіруді жүзеге асыру; келушілерден бетперделердің болуын талап ету; келушілердің жиналуын болдырмау және әлеуметтік алшақтықтың сақталуын қамтамасыз ету; іргелес аумақты дезинфекциялауды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу.