Алматыда 46 нысанның жұмысына рұқсат берілмеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда Алматыда 46 нысанның жұмысына рұқсат берілмеді. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 46 нысанның жұмысына рұқсат берілмеді

«Қазір эпидемиологтар мен әкімдік қызметкерлерінен тұратын комиссия Алматыдағы әрбір ведомство, кәсіпорын мен мекемелерде карантин талаптарының сақталуына жан-жақты тексеріс жүргізіп жатыр. Өткен сенбі, жексенбі күндері 269 нысан қаралып, оларға баға берілді. Оның ішінде 222 нысанға «дайындығы толық» деген акті берілді. Қалған 46 нысан жұмыс істеуге дайын болмағандықтан – рұқсат берілмеді. Ал 1 нысан талаптарды сақтамағаны үшін жабылды»,– деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, бұл – вирустың кеңінен тарап кетпеуі үшін қолданылып жатқан шара.

«Біздің міндетіміз тек айыппұл салу ғана емес, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу», -деді ол.