Алматыда 5 адамы бар автомобиль шұңқырға түсіп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі жол белгілерін дер кезінде аңғара алмай, шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқыс оқиға 28 маусым күні таңертең Төле би және Әйтиев көшелерінің қиылысында болған. Төле би көшесімен батысқа қарай бара жатқан жеңіл көлік жүргізушісі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан учаскедегі белгілерді аңғармай қалып, шұңқырға түсіп кеткен.

Оқиға салдарынан жүргізуші және төрт жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар