Алматыда 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 147 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

23 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 39 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 8 , келіп түскені – 24.

«Инфекциялық стационарларда 147 адам бар. (Төсек-орын 894) Оның ішінде 6 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 24 адам жатыр.

Ал 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 259 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 239 науқас. 20 адамда коронавирус белгілері жоқ.