13:01, 10 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Алматыда 50 шақты үй жылусыз қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу желілерінде штаттан тыс жағдай орын алды. Бостандық ауданының 50 шақты үйі жылудан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Асқаров пен Байкенов көшелерінің бойында орналасқан ғимараттарға бірнеше сағатқа жылу беру тоқтатылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, штаттан тыс жағдай Асқаров пен Садықов көшелерінің қиылысындағы диаметрі 500 мм болатын құбырдың техникалық құралының жұмысының ақауынан орын алған.
Қазір ақау орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр.
Мамандардың айтуынша, жылу аталған ғимараттарға кешкі 17.00 шамасында беріледі.