Алматыда 500-ден аса бала жаңажылдық қайырымдылық шыршасына қатысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара «Ордабасы» корпорациясы мен Дәулет Тұрлыхановтың спорт мектебінің қолдауымен және Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің ұйымдастыруымен өтті.
Жаңа жылдық шыршаға қатысып, «Гүлдер» ансамблінің концертін тамашалауға қаламыздың №1, 2, 8-ші, сондай-ақ «Жанұя» балалар үйі мен мектеп интернатының 500-ден аса оқушылары мен тәрбиеленушілері шақырылған.
«Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз - жаңажылдық мереке алдында, ата-ананың жылуынан айырылған балаларға қуаныш сыйлау, қамқорлығымызды көрсету болып табылады. Мұндай шараны дәстүрлі түрде өткізбесек те, мүмкіндігіміз келгенше әрқашан балаларға басқа мерекелерде де қуаныш сыйлауға тырысамыз», деді белгілі сазгер, әрі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы.
Мерекелік концерттен кейін ұйымдастырушылар балаларға жаңажылдық сыйлықтарын табыстады.