Алматыда 57 мың шаршы метр жол жөнделді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполисте жол жөндеу жұмыстары сәуір айының басында басталды. Бүгінгі күні 2936 ақаулар жойылды, 459 көшедегі ойлы шұңқырлар, шөгулер қалпына келтірілді. Оның ішінде 96 магистральды, 363 аудандық маңызы бар жолдар. Жөнделген жолдардың жалпы алаңы 56 729 шаршы метр. Жұмыс барысында 656 люк пен тор көтеріліп, 1370 метр жол жиек тастары жөнделді.

Барлығы 250 мың шаршы метрден астам асфальтбетонды жол, 40 аялдама қалталары мен алаңдарды жөндеу жоспарлануда.

Күн сайынғы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылуда.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Ал жергілікті маңызы барлары - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.


Соңғы жаңалықтар