Алматыда 6 адам иіс тиіп уланып қалды
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Алматыдағы «Шаңырақ» шағынауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 6 адам иіс тиіп уланып қалды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен 3 әйел, 2 еркек және 3 жасар сәби уланып қалған. Зардап шегушілердің барлығы да ауруханаға жеткізілді.