Алматыда 60 мыңннан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 1 544 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 962 адам, 2-компонентін 582 адам салдырды.
None
None

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 29 наурыз аралығында қалада 1 156 976 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 125 557 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқандардың саны 125 067», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 62 222 адам егілді. Оның ішінде 3 518 жүкті әйел, 13 636 бала емізетін ана және 44 402 жасөспірім бар.

«Қазір қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар