Алматыда 600 жасанды тыныс алу аппараты бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы ауруханаларында 600 жасанды тыныс алу аппараты бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 600 жасанды тыныс алу аппараты бар

Оның айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратары қаланың барлық медициналық ұйымдарында жеткілікті.

«Олардың ішінде жұқпалы екі ауруханада 17 аппарат бар. Провизорлық госпитальға 4 жасанды тыныс алу құрылғысы қойылды. Егер науқастардың саны көбейетін болса, сол жерге жатқызуды жоспарап отырмыз. Бүгінгі күні жасанды тыныс алу аппаратына екі науқас қосылды», - деп толықтырды Т.Әбілдаев.