Алматыда 62 жастағы аула сыпырушыны көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 62 жастағы аула сыпырушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алматы тазалық» кәсіпорынының жұмысшысы ауыр халде ауруханаға түсті.


Саин көшесімен солтүстікке бағытқа бет алаған Honda көлігі Төле би көшесімен қиылыстағы туннельден шыға бере жол шетіндегі аула сыпырушыны қағып кетті.




Жүргізушінің айтуынша, көше тазалап жүрген ер адам жолға қарай шегініп қалған. Сол сәтте көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген.

Ауыр жарақаттанған  62 жастағы ер адамды жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Соңғы жаңалықтар