Алматыда 62 жастағы ер адамнан есірткі мен тапанша табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда полиция қызметкерлері гашиштің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 62 жастағы ер адамнан есірткі мен тапанша табылды

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Наурызбай ауданының 62 жастағы тұрғынының ұстады.

«Сараптамаға сәйкес, арнайы іс-шаралар кезінде алынған зат – гашиш есірткісі. 62 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде өсімдік тектес және ерекше иісі бар бірнеше полиэтилен орамдары табылды және тәркіленді: дәлізден 15 бума, шкафтан 11, тағы 9-ы көлікте жасырылған. Сондай-ақ, үйден газ тапаншасы табылды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті есірткі сатқанын мойындаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.