Алматыда 63 түп жеміс ағаш заңсыз кесілген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 60- тан астам жеміс ағашы заңсыз кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы Нұрлы тау, 46 шағын ауданында ағаштарды кесу фактісін анықтады.

«Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары осы мекенжайдағы аумақты тексеру кезінде 63 бірлік жеміс ағаштарын кесу фактісін анықтады. Кесу рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Сондықтан тиісті тексеру актісі жасалды. Заңсыз әрекеттерден келтірілген залал 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерде»,- деп хабарлады басқармадан.

Бұдан басқа, кінәлілер өтем ағаш отырғызулары тиіс. Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне сәйкес 3150 ағашты құрайды әрі олардың биіктігі кемінде 2,5 метр болуы шарт.

«Осы факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында одан әрі қарай тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды»,- деп атап өтті Алматы қалалық экология және қоршаған орта басқармасынан.


Фото: chromethemer.com

Соңғы жаңалықтар