Алматыда 646 адам дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда учаскелік сайлау комиссиясы 646 сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін берді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дауыс беру күні Алматыда болатын, бірақ бастапқыда басқа өңірлерде тіркелген жері бойынша тізімге енген азаматтар Алматының кез келген учаскесінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алады», - деп түсіндірді Айгүл Қалықова.

Спикердің сөзінше, 646 алматылық дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алған. Олар сол арқылы басқа өңірлерде дауыс береді.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін (денсаулық жағдайы бойынша немесе отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты) үйде дауыс беру ұйымдастырылады. Ол үшін алдын ала өтініш жазу керек. Мұндай өтініштер 5 маусым түскі сағат 12:00-ге дейін қабылданады»,- деді ол.

Еске салсақ, 5 маусымда таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.


Соңғы жаңалықтар