Алматыда 650 адам жүгіруден жарысты

Онда 650 адам, оның ішінде 50 бала бағын сынады.
«Алматы марафон» баспасөз қызметі хабарлағандай, балаларға арналған 2 шақырымдық қашықтықта Владислав Переверзев пен Екатерина Цурикова үздік болды.
15 шақырымдық қашықтықта ерлер арасында Михаил Красилов (15-34 жас), Рауан Абылханов (35-49), Юрий Пащенко (50+) мәре сызығына бірінші жетті.
Әйелдер арасында Мерджен Ишангулыева (15-34), Әсем Қабидолданова (35-49), Любовь Асанова (50+) үздік нәтиже көрсетті.
Командалық эстафетада 30 топтың ішінен "Doable K" командасы қара үзіп келді.
«Жазғы жүгіру осымен 3-рет өткізіліп отыр. Биыл қатысушылардың саны артты. Былтырғыдан 100 адам артық тіркелді. Баум бағының іші өте кең емес болғандықтан, оған қатысатын адамдардың санын шектедік. Енді күзде өтетін шараға дайындықты бастап кеттік», - деді «Алматы марафон» директоры Салтанат Қазыбаева.
Қатысушылардың барлығы мәре медалін алды. Ал жеңімпаздар арнайы грамота мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Жазғы жүгіру 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл шара Алматы марафонына дайындық кезеңі түрінде ұйымдастырылады.
Айта кетейік, биылғы спорттық шараны академик Есенов атындағы ғылым мен білім қоры өткізді. Сондай-ақ, қала әкімдігі мен Іле-Алатау ұлттық саябағының әкімшілігі қолдау көрсетті.