10:40, 20 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматыда 7,6 мың адам коронавирус вакцинасын алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 7 655 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 сәуір күні 7 655 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 сәуір аралығында 142 139 адамға екпе салынды.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.
Бүгінгі күні қалад 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.
Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев к-сі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.
Сондай-ақ, Наурызбай ауданындағы «Тау самалы» базарында вакцинация пункті ашылды.