Алматыда «7 игілікті іс» жобасы аясында 100 көшет отырғызылды
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Райымбек» метро бекеті аумағы жасыл желекпен көмкерілуде. КаР-Тел» ЖШС-і мен PosadiDerevo.kz қоғамдық қозғалысы онда 100 ағаш көшетін отырғызды.
Бұл шара сәуір айында басталған «7 игілікті іс» жобасы аясында жүзеге асырылған 2-шара болып отыр. Оның алдында ағаш отырғызылатын шағын алаң қоқыстан тазартылып, «Ағаш отырғыз» SMS-жобансын қолдау мақсатында ең көп хабарлама жіберген абоненттерге ұялы байланыс операторының сыйлықтары тапсырылды. Оған SMS-жобаның белсенді қатысушылары мен PosadiDerevo.kz қоғамдық қозғалысының бастамашыл мүшелері және жоғары оқу орындарының студенттері атсалысты.
«Сәуірдің аяғында біздің компания Қазақстанда жұмыс жасағанына 7 жыл толуына орай «7 игілікті іс» атты әлеуметтік жобаның басталуын жарияладық. Осы жоба аясында компания қызметкерлері мен барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ауқымды әлеуметтік іс‑шаралардың сериясы ұйымдастырылады. Оның ішінде облыс орталықтарын абаттандыру мақсатындағы жұмыстар да бар. Бізді өз абоненттеріміздің шақыруымызды қабылдап, еліміздің қалаларының көркеюіне өз қаражаттары мен күштерін жұмсағаны қуантады», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Анар Жұмағұлова.
Оның айтуынша, «Ағаш отырғыз» SMS-жобасы 2010 жылдың жазында іске қосылды. Құрылған сәттен бастап ұялы байланыс абоненттері 111 қысқа нөміріне әрқайсысы 100 теңге тұратын 7 мыңнан астам SMS-хабалама жіберді. Жиналған бұл қаражатқа осы уақытқа дейін 2 рет ағаш отырғызылды. Алғашқы іс-шара 2011 жылдың қазан айында Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан Тимирязев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жүзеге асырылған.