Алматыда 7 млн 400 мың маска тәркіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа талдау жасау арқылы медициналық бұйымдарды заңсыз сату деректерін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 7 млн 400 мың маска тәркіленді

Жедел тергеу жұмыстары барысында құны 27 млн теңге болатын 1 млн маска тәркіленді.

Заңсыз саудамен айналысқан адамдарға қатысты ҚР 189-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, бұйымдар астыртын қоймадан шыққан. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері сол жерге барып, жедел тергеу амалдарын жүргізді.

Тінту барысында 6 млн 400 мың маска табылды.

Жалпы кеше Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 7 млн 400 мың маска тәркіледі.