Алматыда 7 сайлау учаскесінде дауыс беру уақытынан бұрын басталды
Спикердің сөзінше, сайлау учаскесінің екі түрі бар. Біріншісі, ол барлық сайлаушыларға арналған ашық учаскелер. Екіншісі, азаматтардың уақытша келген жерлерінде ұйымдастырылады.
«Атап айтар болсақ, аурухана, шипажай, уақытша ұстау изоляторы, әскери мекемелер. Заңда арнайы норма бар. Осындай учаскелерде ішкі тәртіпке және кестеге байланысты уақытынан бұрын бастауға рұқсат»,- деді Жанна Асанова.
Сонымен қатар, ол мегаполистегі 68 сайлау учаскесі дауыс беруді кез келген уақытта аяқтай алатынын атап өтті.
«Тренинг барысында теориялық бөлімнен басқа, өткен науқандардың тәжірибесінен қалыптасқан кейстер пысықталды. Заңға сәйкес, егер сайлаушы бюллетеньді өз бетімен толтыра алмаса, ол сенім білдірген адамның көмегін пайдалануға құқылы, бірақ ол адам сайлау комиссиясының мүшесі, БАҚ өкілі немесе кандидаттың сенімді өкіл бола алмайды», - деді спикер.
Алматыда 43 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген, олар үшін инватакси жұмыс істейтін болады, олардың жұмысын жергілікті атқарушы органдар реттейді.