Алматыда 7 жолаушылар тасымалдау мекемесінің жеке базасы жоқ - Асқар Тойбаев

АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биылғы жылдан бастап қоғамдық жолаушылар тасымалдау мекемелері ай сайын 10-15 көлікті жаңартуды жоспарлап отыр. Оны Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Асқар Тойбаев бүгін қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

«Алматыда қазір 23 жекеменшік жолаушылар тасымалдау мекемесі бар. Автобус паркін жаңартуға мекеме басшылары өздері жауап береді. Біз қазір оларға талап қойып отырмыз. 2011-2012 жылдары өздерінің жеке базалары жоқ мекемелердің бірыңғай қалыпқа келуіне. Бұл үшін олардың кейбірі өзара бірігуі мүмкін», - дейді Асқар Тойбаев. Оның айтуынша, қазіргі таңда қалада 24 жолаушылар тасымалдау мекемесі бар. Оның біреуі ғана муниципиалды автопарк. Қазір жекеменшік 23 автопарктің жетеуінің жеке базасы жоқ. Олардың қазіргі тұрып жатқан орындары жалға алынған.

Соңғы жаңалықтар