Алматыда 70-ге жуық адам коронавирус жұқтырды делінген видео жалған - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда, Алматыда 70-ге жуық адамнан коронавирус анықталды делінген видео жалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода өзін елордалық дәрігермін деп таныстырған ер адам коронавирустың Алматыда 70-ге жуық адамға жұққанын, осыған байланысты дүйсенбіден 10 күнге ақысыз демалысқа шығатынын айтады.
«Қазақстанда коронавирустық инфекция тіркелгемеген. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасынан оқи аласыздар және тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады», - деп аттап өтеді аталған видеоға қатысты түсініктеме берген Денсаулық сақтау министрлігі.