12:20, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматыда 70-тен асқан қарттар арасында бильярдтан жарыс өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу ауданының жасы 70-тен асқан қарттарының арасында «Үйде отырып қартаймайық, қариялар!» деген ұранмен бильярдтан турнир өтуде.

«РИТЦ» ЖШС-не қарасты бильярд залында болып жатқан бұл шара V сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиевтің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
«Турнирдің мақсаты - зейнеттегі қарияларды үйде отырып қартаймай, саламатты өмір салтын ұстанып, қатарластарына үлгі, жастарға өнеге көрсетуге шақыру. Бәсекеге 20-ға жуық ардагер қатысуда. Болашақта бұл жарыс дәстүрлі түрде түрде жыл сайын өтетін шараға айналмақ»,- дейді турнирді ұйымдастырушылар.