Алматыда 748 науқас COVID-19-дан емделіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 748 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
15 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 114 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 111, симптомсыз – 3 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 157, келіп түскені – 72.
«Инфекциялық стационарларда 748 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 18 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 81 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 40 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулатория бақылауында 1 265 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1204 науқас. 61 адамда коронавирус белгілері жоқ.