Алматыда 75 мыңнан астам оқушыға компьютер керек
«Қашықтан оқытуға балалардың техникалық дайындығын қамтамасыз ету қолға алынды. Осы мақсатта балалардың және мұғалімдердің компьютермен қамтылуын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 75 мыңнан астам баланың және 2 мыңнан астам мұғалімді компьютермен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Аталған мәселені шешу қолға алынды»,– дейді Қайрат Жұманов.
Сонымен қатар, ол қашықтан оқыту форматында жұмыс істеу үшін мұғалімдердің дайындықтан өткенін жеткізді.
«2020 жылғы 5 тамыздан бастап мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру және оларды Bilimland.kz, Opiq.kz, Kundelik.kz, Microsoft.Teams атты платформалармен жұмыс істеуге үйрету бойынша онлайн курстар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 15 444 мұғалім оқыды. Сондай– ақ, интернет желісімен қамтылмаған 22 мыңнан астам оқушыға SIM-карталар берілетін болады»,– дейді ол