Алматыда 76 жастағы әже жол апатынан зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Сейфуллин көшесі мен Политехническая көшесінің қиылысында БМВ мен Тойота РАВ 4 көлігі соғылып, екі адам зардап шекті, оның бірі 76 жастағы қарт адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
«БМВ» көлігінің жүргізушісі жас қыздың айтуынша, ол Сейфуллин көшесімен солтүстік бағыттан келе жатқан. Аяқ астынан оң жақ жолақтан «РАВ 4» алдын кесіп өтіп, шұғыл оңға бұрылған. Тежегіш басып үлгермеген БМВ көлігі «РАВ 4-ке» соғылған. Соққыдан «РАВ 4» аударылып, оқиғадан екі адам зардап шекті. Олар «РАВ 4» жүргізушісі мен 76 жастағы әже. Зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті.
Оқиға себебін полиция анықтап жатыр.