Алматыда 79 жастағы кейуананы көлік қағып, мерт етті

АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жол-көлік оқиғасы Тілендиев көшесінің батысында Есенжанов көшесінде орын алған.
None
None

Қарт ана көшені оңтүстік бағытқа қарай белгі орнатылмаған жерден өткен. Бұл кезде шығыс бағытта «Газ-33021» маркілі автокөлік жүріп бара жатқан. Көлік қағу салдарынан ашық бас сүйек жарақатынан қарт кісі оқиға орнында көз жұмған.

«Газельдің» 24 жастағы жүргізушісі әжейдің жол бөлігіне кенеттен шыға келгенін айтып ақталуда. Оның сөзіне қарағанда, шопыр жаяу жүргіншіні жол үстінде кеш байқаған. Тіпті жедел тежегішті басқанның өзінде темір тұлпар тез арада тоқтамаған.

Қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы қаласының ІІД Анықтау басқармасында қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар