Алматыда 8,1 мың адам коронавирус вакцинасын алды
«23 сәуір күні 8165 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 сәуір аралығында барлығы 170 118 адамға екпе салынды. Вакцинаның екі компонентін 15 289 адам алды.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 мыңнан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.
Бүгінгі күні қалада 205 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 827 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.
Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев көшесі) ашылыған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.
Айта кетейік, Наурызбай ауданындағы «Тау самалы» базарында вакцинация пункті ашылды.
Алматы 22 сәуір күні 34 900 доза 7 транш вакцина жетізілді (1 компонент).