Алматыда 8 дәрігер баспаналы болды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» 8 дәрігері баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы «Алғабас» ауданынан баспаналы болған 8 қызметкерді қуаныштарымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

 «Медициналық мекемелер ішінде біздің орталықтың қызметкерлері ең көп пәтер кілтіне ие болды. Әлі де бір қызметкеріміздің өтініші қаралуда. «Нұрлы жер»  бағдарламасы дәрігерлердің баспана мәселесін шешіп қана қоймай, еліміздің кадр әлеуетін арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Бала денсаулығын нығайтуға қосар үлестеріңіз көп болсын!» - деп ақ тілегін білдірді Р.Боранбаева.

Пәтер кілтіне арнайы іріктеу бойынша көп жылдарден бері медицина саласына бар өмірін арнап, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті дәрігерлермен қатар, жас мамандар да ие болды.

null
null 

Аталған орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ арасындағы меморандумның арқасында берілген. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар