Алматыда 8 жасар баланы ұрлаған қылмыскерлер сотталды

АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биылғы жылғы  қаңтардың 12-де Алматыда 8 жасар  Давлат Хакимовты ұрлаған қылмыскерлерге сот үкім шығарды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар 2-ші сынып оқушысы Давлат Хакимовты ұрлаушылар  оның өмірін  60 мың долларға бағалап, анасын бопсаламақ болған. Қалалық ІІД-інің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел шаралары нәтижесінде қарақшылар қолға түскен еді. Ұрланған баланы сөмкеге салып алып, анасына сатпақ болған қылмыскерлер қырғызстандық 3 азамат болып шықты. Қазіргі таңда олардың біреуіне іздеу жарияланған.

  Ұрлауды ұйымдастырған 20 жасар Виктор мен 22 жасар Олегті сот 9 жылға кесті. Ал қылмыс туралы біле тұра полицияға хабарламаған Евгений есімді азамат 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар