Алматыда 86 науқас коронавирустан емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырды. Оның 6-да симптом бар, 2-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 86 науқас коронавирустан емделіп жатыр

Екі адам жазылып шықты, бір адам ауруханаға жаңадан түсті.

400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 86 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 12 адам жатыр.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 102 науқас бар.

Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 86 науқас, симптомсыз - 16 науқас бар.