Алматыда 9 айдың ішінде 129 атыс қаруы табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының полицейлері 9 айдағы жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Белгілі болғандай, 9 айдың ішінде Алматыда заңсыз айналымнан 129 атыс қаруы табылып, тәркіленді. Оның ішінде 21 тапанша, 15 кесілген шолақ мылтық, 75 мылтық, 4 «Калашников» автоматы, 98 граната және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.
Бұдан бөлек, 9 ай ішінде ҚР ҚК-нің 262-бабына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару деректері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, Алматыда жыл басынан бері 461 есірткі қылмысы анықталса, оның 94-і есірткінің заңсыз айналымына қатысты болды.
«Заңсыз айналымнан 600 келіге жуық есірткі, оның ішінде 398 келі марихуана, 84 келіден астам гашиш, 15 келіге жуық синтетикалық есірткі және 111 келіден астам басқа да есірткі заттары тәркіленді»,- делінеді полиция таратқан хабарламада.
Фото: polisia.kz