Алматыда № 9 эксперсс-автобусы жолаушылар тасымалын неге тоқтатты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда № 9 эксперсс-автобусы жолаушылар тасымалын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыда № 9 экспресс- автобусы жолаушылар тасымалын тоқтатты. Мәселенің себебін анықтау үшін ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне ресми сауал жолдаған еді.

Әкімдіктің берген жауабына сәйкес, № 9 экспресс-автобусы 24 наурыздан бастап жолаушылар тасымалының төмен болуына байланысты

қызметін тоқтатты.

«Алматыда № 9 экспресс-автобусының бағытына ұқсас қоғамдық көліктер бар. Олар: Абай даңғылы бойымен 118, 120а, 128, 205, 32, 65, 66, 79, 92, 98, ТП 11, 19, 25, 5, 6. Сонымен қатар, Достық даңғылы бойымен 141, 128, 12, 45, 5, 5а, 5б, 95, 99 маршруттар. Осы ақпаратты ескере отырып, жүретін бағытыңызды алдын ала түзетуді сұраймыз», - делінеді әкімдіктің жауабында.

Айта кетейік, № 9 экспресс-автобуста жүру құны 200 теңге болған.


Соңғы жаңалықтар