Алматыда 9 қабатты тұрғын үйдің балконын өрт шалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Құлагер» шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің балконын өрт шалды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.

«2016 жылғы 14 маусымда сағат 11:00-де Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің «101» кезекші бөліміне Жетісу ауданының «Құлагер» шағын ауданында орналасқан №29-шы 9 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы балкондардың бірінің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 11 сағат 10 минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды жоюға және бір мезетте төменгі және жоғарғы қабаттардан тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығаруға кірісті», - деді С. Баймұханбетова. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 11 сағат 24 минутта ауыздықталып, 11 сағат 36 минутта толығымен сөндірілді.

Тілсіз жауды жоюға жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram