Алматыда 9 жасар баланың A/H1N1 тұмауына шалдыққаны анықталды
АЛМАТЫ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше Алматыда доңыз тұмауына шалдыққан тағы бір адам тіркелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шілденің 22-сі күні Ұлыбританиядан ұшып келген 9 жасар баладан сырқаттың белгілері шілденің 28-інде байқала бастаған. Алайда ата-аналары өз беттерінше емдеген. Тек ертеңінде ғана емханаға апарған. Алматы қалалық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының референс -зертханасы баланың бойында A/H1N1 тұмауының вирусы бар екенін анықтады. Қазір науқас амбулаториялық ем қабылдауда. Онымен байланыста болған екі адам таза. Сырқат толықтай дерлік медициналық бақылауда.