Алматыда 900 мың теңгені жымқырған валюта айырбастау пункті директорының орынбасары ұсталды

«40 жастағы бұл азамат өзінің түсініктемесінде кассадан бұл қаржыны отбасылық жағдайға байланысты алғанын. Алайда оны кейін қайта қайтаруды жоспарлағанын айтып ақталады. Оның рас, өтірік екенін алдағы тергеу жұмыстары кезінде толық анықтаймыз. Қазіргі таңда оның бұл әркеті ҚР Қылмыстық кодексінің нормасы бойынша өзіне сеніп тапсырылған бөтен адамның мүлкін талан-таражға салу деп қарастырылып отыр», - дейді Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасныың бастығы Нұрлан Алмасбеков. Оның айтуынша, мұндай жағдай Алматыда өткен жылдың қыркүйегінде тіркелген болатын. Онда ломбард қызметкері жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған еді. 1996 жылы туған бұл азаматша аталмыш ломбардта кассир боп жұмыс жасаған. Ол қожайынының ревизия жасағалы жүргенін біліп, өз құрбысымен келісіп сейфтегі ақша мен кепілдікте тұрған алтын бұйымдарын алып, бейнебақылауды өшіріп, оның жазбасын өзімен бірге алып кетеді. Алайда қылмысы 2 сағаттың ішінде әшкере болды.