Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 498 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

«9 қараша күні 3 498 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 468, II компонентін – 2 030 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 9 қараша аралығында қалада 1 005 496 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 955 410 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 380 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.