Алматыда 98,5 келі марихуана сақтап келген 45 жастағы азаматты ұстады
ТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматыда 98,5 келі марихуана сақтап келген 45 жастағы азаматты ұстады.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Оның деректеріне қарағанда, ұсталған сәтте аталған азаматтан 35 грамм марихуана табылған. Ал оның тұрғылықты жерін тексеру барысында 98,5 келі марихуана салынған 3 қоржын тәркіленді. Ұсталған азамат есірткі саудалағаны үшін бұрын да сотталған болып шықты. «Ал Жамбыл облысының полицейлері есірткі саудалау кезінде 46 жастағы қылмыстық топ мүшесін құрықтады. Одан 340 мың теңге мен 4 келі гашиш және 16 келіден астам марихуана табылған. Күдікті азамат қамауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді ресми өкіл.